Желіде Алматыдағы тергеу изоляторында судья қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі судьяның өліміне қатысты ақпаратқа түсінік берді. Комитет тергеу изоляторында ер адамның кенеттен қайтыс болғанын растады. Алайда аты-жөнін атаған жоқ.
"Алдын ала өлім себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі. Өлім фактісі бейнебақылау камерасына жазылып қалды. Қазір осы жағдайға байланысты тексеріс жүргізіліп жа тыр", – деп хабарлады комитетттегілер.
Желіде тараған ақпаратта оның әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Дастан Слямқұлов болуы мүмкін екені айтылған.