Алматы қаласын дамыту орталығының басшысы ретінде Руслан Берденов тағайындалды.
Бұл ақпаратты Алматы қаласының әкімдігі растады.
Еске салайық, «Алматы қаласын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 2/331 қаулысына сәйкес 100% мемлекет қатысуымен құрылды. Орталық мақсаты — Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.