Алматыда жолда жанжал шығарған ер адам ұсталды

/
Алматыда жолда жанжал шығарған ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желілерде екі ер адамның арасындағы жолдағы жанжалдың видеосы тарады. Кадрда олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында ер адамның қолындағы зат тапанша емес, соның пішініндегі оттық екені анықталды.

Ер адам дереу ұсталып, оның әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.

Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын, агрессияны қоздыратын кез келген заңсыз әрекеттердің қатаң түрде жолы кесілетінін ерекше атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары