Әлеуметтік желілерде жолда екі ер адамның арасындағы жанжалдың видеосы таралды. Кадрда олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болғанын көруге болады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында ер адамның қолындағы зат тапанша емес, соның пішініндегі оттық екені анықталды. Ер адам дереу ұсталып, оның әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.
Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын, агрессияға себеп болатын кез келген заңсыз әрекеттердің қатаң түрде жолы кесілетінін ерекше атап өтеді.