ҚазҰУ жатақханасында 900 есік жаңартылды

ҚазҰУ жатақханасында 900 есік жаңартылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім алушы жастардың жайлы әрі қауіпсіз оқу және тұрмыс жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында оқу корпустары мен жатақханаларда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Студенттер үйлеріндегі сантехника және электр желісі, бөлмелер мен фойедегі линолеум төсеніші, электротехникалық жабдықтар жаңартылды. Бұған қосымша жатақханалардың ішкі қасбетінде сырлау жұмыстары жүргізіліп, ағартылды.

2023-2025 жылдар аралығында жатақханалардағы бөлмелер мен оқу залдарындағы 1000-нан астам есік толықтай ауыстырылды. Санитарлық тораптарды жаңарту жұмыстары барысында 220 унитаз бен 285 қолжуғыш орнатылды.

2024 жылы ҚазҰУ қалашығындағы барлық жатақхананың асханасына 120 тоңазытқыш, 120 электр плитасы қойылды. 4000 матрас, 4000 жамылғы, 4000 жастық, 4000 жайма комплектісі жаңадан алынып, студенттерге пайдалануға берілді. Акт залдарына 210 м2 жалюзи орнатылып,  600  диван-кресло қапталды, 130 пуфик сатып алынды.

Аталған барлық жұмыстар санитарлық тұрмыстық жағдайды жақсартуға, инфрақұрылымды жаңартуға және студенттердің жайлы әрі қауіпсіз ортада тұруы мен оқу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өз студенттеріне заманауи және қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мән береді. Алдағы уақытта да жатақханаларды басқа да тұрмыстық техникалар және төсек жабдықтарымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары