Құқық қорғау органдары академиясына жаңа ректор тағайындалды

Құқық қорғау органдары академиясына жаңа ректор тағайындалды
Құқық қорғау органдары академиясының ресми сайты

ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына жаңа ректор тағайындалды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Құқық қорғау органдары Академиясының ұжымына жаңа ректор – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, PhD докторы Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіровті таныстырдым. Ол – өңірлерде және Бас прокуратурада басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі прокурор.

Академия алдына маңызды міндеттер қойдым:

– білім беру бағдарламаларын жасанды интеллектке басымдық бере отырып жаңғырту;

– жасанды интеллектті тиімді қолданып, киберқылмыспен және басқа да заманауи қатерлермен күресуге қабілетті сертификатталған прокурорлар мен өзге де құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау;

– ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипатын күшейту;

– Академияның ғылыми басылымдарының халықаралық беделге ие болуын қамтамасыз ету;

– курсанттардың жеке қасиеттерін, тәртіптілікті, қызмет пен мемлекетке адалдықты тәрбиелеуге назар аудару;

– шетелдік бейінді білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту.

Бірлесіп Академияны прокуратура мен құқық қорғау органдары үшін кадрлар мен ғылым даярлаудың орталығы ретінде нығайтатынымызға сенімдімін", – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары