23 қыркүйекте Рудныйдағы Комсомольский даңғылында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті. Өкінішке қарай, алған жарақаттарының салдарынан ол қайтыс болды. Белгілі болғандай, марқұм мектепте ұстаз болып жұмыс істеген, деп хабарлайды turkystan.kz Город порталына сілтеме жасап.
Jac маркалы автокөліктің рөлінде 32 жастағы әйел болған. Жол апатынан кейін полиция көлікті айып тұрағына қойғанын және адам денсаулығына абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Жәбірленуші ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан.
Алайда жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін полиция департаменті тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша («Көлік құралын басқарған адамның жол жүрісі ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы») жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Осы бапқа сәйкес, жүргізушіге айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамау емес, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 5 жылға дейін белгілі бір қызмет атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Қазір барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тиісті сот сараптамалары тағайындалды», – деп түсіндірді полицияда.