Алматыда заңсыз қызмет көрсеткен студия анықталды

/
Алматыда заңсыз қызмет көрсеткен студия анықталды
Polisia.kz

Алматы қаласында полиция элиталық тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп тұрған заңсыз студияны әшкереледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғимаратта арсыздыққа итермелейтін қызметтер көрсетілген. Заңсыз қызметпен айналысқан әйел жауапқа тартылды. Сондай-ақ пәтер иесі анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.

«Мұндай деректер тұрақты түрде анықталып, жолын кесу жұмыстары жүргізіледі. Біздің міндетіміз – қоғамдық моральды қорғау және осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу», – деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары