Гүлзира Айдарбекованың тағы бір келіні жүкті екенін айтты (ВИДЕО)

/
Гүлзира Айдарбекованың тағы бір келіні жүкті екенін айтты (ВИДЕО)
instagram

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың отбасы тағы бір жанмен толықпақ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның ортаншы ұлы Аян мен келіні Әйгерім үшінші сәбиін күтіп жүр. Қуанышты хабарды келіні Әйгерім Саркенова әлеуметтік желіде видео жариялап,  мәлім етті.

«Осындай жағдай», - деп қысқа жазды Ә. Саркенова.

Еске сала кетейік, тамыз айында Гүлзира Айдарбекованың үлкен ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші рет ата-ана болғандарын мәлім етті. Ал қыркүйек айының соңында продюсердің кенже ұлы Заңгар мен жары Индира да гендер-пати ұйымдастырып, сәби күтіп жүргендерін хабарлаған болатын.  
 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары