Ақтаулық студенттер Астанада өткен ASTAUfest-2025 халықаралық гастрономиялық фестивалінде жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кәсіпқой аспаздар күніне орай ұйымдастырылған VI халықаралық фестивальде Ақтау сервис технологиялық колледжінің студенті Мирас Садыков «Chocolate Show» номинациясында бірінші орынды, ал Мөлдір Батыргали «Sugar Show» байқауында екінші орынды иеленді. Жас аспаздар шоколад пен карамельмен жұмыс істеудегі жоғары шеберліктерін көрсетті.
Фестивальге Франция, Түркия, Үндістан және Швейцарияны қоса алғанда, 10 елден 300-ден астам қатысушы қатысты.
Ақтау студенттерінің жеңісі колледждің жоғары дайындық деңгейін ғана емес, бүкіл өңір үшін мақтанышқа себеп болғанын білім басқармасы атап өтті.