2026 жылы Қазақстан мен Латвия арасында тікелей әуе рейсі ашылады

/
2026 жылы Қазақстан мен Латвия арасында тікелей әуе рейсі ашылады
istockphoto.com

Отандық SCAT Airlines әуекемесі 2026 жылы көктемде Латвияға ұша бастайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлік министрлігінің ақпаратынша, 2025 жылғы 1 қазанда Алматы қаласында Қазақстан мен Латвияның іскер топтарының 50-ге жуық өкілінің қатысуымен форумы өтті. Форум барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі екіжақты қаралды.

Қазақстан мен Латвия арасындағы көліктің барлық салаларындағы ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді. Мәселен, Қазақстаннан жүктерді Латвияның Рига, Вентспилс және Лиепа порттары арқылы транзитпен экспорттау Орталық Азия мен Еуропа арасындағы логистикалық желіде шешуші рөл атқарады.

Әуе қатынасын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2026 жылдың көктемінде SCAT Airlines Қазақстан мен Латвия арасында тікелей рейс ашатыны белгілі болды. Бұл қадам жолаушылар тасымалын жеңілдетеді, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады, жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді, туризм мен бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Тараптар сондай-ақ жүк тасымалы өсімінің дәлелі ретінде теміржол ынтымақтастығының жоғары әлеуетіне тоқталып, тікелей әуе қатынасы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді, - делінген ақпаратта. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары