Оқушылар күзгі каникулда неше күн демалады?

/
Оқушылар күзгі каникулда неше күн демалады?
istockphoto.com

Бірінші тоқсанның аяқталуына небәрі үш апта қалды. Күзгі каникул 27 қазанда басталып, бір аптаға созылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шілде айының соңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған мектеп оқушыларының демалыс кестесін бекіткен болатын. Құжатқа сәйкес, бірінші тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады. Күзгі каникул жеті күнге созылады: 27 қазаннан бастап 2 қарашаға дейін. Екінші тоқсан 3 қарашадан басталып, ол да сегіз оқу аптасын қамтиды.

Айта кетейік, 27 қазан – Республика күніне орай мерекелік демалыс күнінің ауыстырылуына байланысты бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін барлық қазақстандықтар үшін демалыс күні болып белгіленген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары