Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғын 2023 жылдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Lider.kz қозғалысының еріктілері Александр Богатовты іздеуге көмек сұрайды.
Ер адам 4-шағынауданда тұрған, 2023 жылдан бастап туыстарымен байланысқа шықпаған.
Белгілері: бойы – 170 см, орта денелі, шашы сұр, қолының үстінде шағала пішініндегі татуировка бар, көзілдірік тағуы мүмкін. Қандай киімде болғаны белгісіз.
Александр Богатовтың қайда екені туралы ақпараты бар жандардан +7 (700) 499-72-92 нөміріне хабарласу немесе WhatsApp арқылы жазу сұралады.