«Қабырғаларды қиратып жатыр»:«Жастар Рухының» белсенділері Тараз маңындағы Ақыртас кешенін сақтауға шақырды

«Қабырғаларды қиратып жатыр»:«Жастар Рухының» белсенділері Тараз маңындағы Ақыртас кешенін сақтауға шақырды

Тараздан 45 шақырым жердегі Қырғыз Алатауының баурайында құпияға толы ортағасырлық Ақыртас кешенінің қирандылары орналасқан. Балалар аталған кешен туралы аңыз-әфсаналардан біледі. Ал ғалымдар әлі күнге дейін оны кім және не үшін салынғанына қатысты пікір таластыруда. Ол сарай немесе шіркеу, бекініс немесе керуен-сарай болуы мүмкін деген ондаған болжам-нұсқа бар. Ал халық жадында Ескендір Зұлқарнайынның резиденциясы болған деген де аңыз сақталған. «Taza Qazaqstan» road-эстафетасы аясында кешенге «Жастар Рухының» белсенділері келіп, мұндай тарихи ескерткішті тек зерттеу ғана емес, сонымен қатар вандализмнен қорғау қажет екенін атап өтті.

Ақыртас – VIII-IX ғасырлардағы археологиялық кешен. Ол – ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген «Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізі». Бұл ескерткіш – Қазақстандағы негізгі археологиялық жұмбақтардың бірі. Қоғам мен мемлекеттің міндеті – осы кешенді болашақ ұрпаққа аманат етіп, сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, вандализмге қарсы күрес – стратегиялық міндет. «AMANAT» партиясының бастамасымен бірнеше жыл бұрын ескерткіштер мен қасиетті орындарды қиратқан азаматтарға тағайындалатын жазаны күшейтетін заң қабылданды. Бұл шешім – қоғам сұранысына берілген нақты жауап. Бұған дейін мыңдаған азамат вандализмге қарсы петицияға қол қойды.

«Сіз осы тастардың арасында тұрғанда бір нәрсені түсінесіз: бұл – ғасырлар тынысы. Өкінішке қарай, бүгінде Ақыртас вандализмнен зардап шегуде: тастарды тасып әкетіп, қабырғаларды қиратып жатыр. Осындай ескерткіштерді сақтай отырып, ұлттың рухын сақтап қаламыз. Мұра – баға жетпес байлық. Сондықтан оған ең алдымен жастар қорған болуға тиіс», – деді «Taza Qazaqstan» road-эстафетасының елшісі әрі экобелсендісі Диас Талғатұлы.

Осылайша, Ақыртастағы жастар кездесуі қоғамға маңызды үндеу жасады: табиғат, мәдениет және тіл секілді, тарихи ескерткіштерді де мұқият сақтау керек. «Taza Qazaqstan» эстафетасы экология мен мұраны сақтау – бәрімізге ортақ жол екенін көрсетуде. Келешекке қамқорлық өткенге құрмет көрсетуден басталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары