Сотталып, халықаралық іздеуде жүрген адам 2024 жылдың шілдесінде Грузия аумағында ұсталды. Оны Қазақстанға экстрадициялау үшін мемлекеттік бюджеттен 1,7 млн теңгеден астам қаржы бөлінген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әл-Фараби ауданы прокуратурасының шығындарды өндіру туралы талап арызын толық көлемде қанағаттандырды. Қозғалған атқарушылық іс жүргізу аясында борышкер барлық шығынды толық өтеді.
Қала прокуратурасы аталған қаржыны өндіру заңның үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттің шығындарын қайтару бойынша прокуратура органдарының тиімді жұмысының айқын мысалы болғанын атап өтті.