Әйгілі актер Бурак Өзчивит Қазақстанға келді

/
Әйгілі актер Бурак Өзчивит Қазақстанға келді
Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"

Маңғыстауда «Қорқыт ата» халықаралық кинофестивалінде қызыл кілемде әлемдік жұлдыздар жүріп өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстауда «Қорқыт ата» халықаралық кинофестивалінде отандық жұлдыздар мен шетелдік кино майталмандары қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Фестивальдің басты жұлдызы танымал түрік актері Бурак Озчивит келді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Кинофестиваль ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, TÜRKSOY және ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сондай ақ, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өтуде. Салтанатты жиынға түркі мемлекеттерден Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғыстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Мажарстан мемлекетінің кино майталмандары қатысуда.

Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали іс-шараның маңызына тоқталды.

«Бүгінгі «Қорқыт ата» халықаралық кинофестиваліне 250-ге жуық кино майталмандары жиналды. Оның ішінде құрметті қонақтарымыз да бар. Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев пен танымал түрік актері Бурак Озчивит келді. 5 күнге созылатын шара аясында 50-ге жуық түрлі жанрдағы фильмдерді тегін тамашалауға болады», - деді Нұртас Сали.

Айта кетейік, осыған дейін түркі әлемінің дәстүрлі «Қорқыт ата» кинофеставалі Ыстанбұл, Бурса, Шуша және Анау (Ашхабад) қалаларында өтті.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары