Елордада заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырғандар ұсталды (ВИДЕО)

/
Елордада заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырғандар ұсталды (ВИДЕО)
Polisia.kz

Ақмола облысының полиция қызметкерлері елорда аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы Целиноград ауданы Талапкер ауылының 49 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Қазақстан аумағына келген шетелдік азаматтарды тауып, оларға уақытша тұруға, тіркелуге немесе тұруға ықтиярхат алуға жәрдемдесуді ұсынған. Бұл қызметке өзге тұлғалар да тартылып, қылмыстық топ құрылымдық түрде жұмыс істеген.

Фигуранттар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы көрсеткен қызметтері үшін 40 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған.

Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары айғақ заттар – құжаттар, мөрлер мен анықтамаларды тәркіледі.

Қазір заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, топтың өзге де заңсыз әрекеттері мұқият тексерілуде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары