Батыс Қазақстан облысында полиция зейнеткерге қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен екі ағайындыны ұстады. Тергеу дерегінше, олар әйелді алдап, 830 мың теңге иемденген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 68 жастағы облыс тұрғыны бұрыннан таныс адамдарынан жапа шеккен. Күдіктілер оның сеніміне кіріп, қомақты қаржысын қолға түсірген.
«Анықталғандай, ұсталғандар бұған дейін түрлі құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді полиция.
Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және құжатпен расталмаған жағдайда, тіпті жақсы таныс адамдарға да ақшасын сеніп тапсырмауға шақырды.