БҚО-да заңсыз қару-жарақ пен киік мүйіздері тәркіленді (ВИДЕО)

/
БҚО-да заңсыз қару-жарақ пен киік мүйіздері тәркіленді (ВИДЕО)
Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында полицейлер қыстақтағы шаруашылық қожалығының басшысына тиесілі үйді тінту кезінде бірқатар заңсыз заттарды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тәртіп сақшылары үй ішінен қолдан жасалған атыс құрылғысын, екі аңшы мылтығын, екі обрезді, түрлі калибрдегі 104 оқ-дәріні және 30 дана киік мүйізін тапты.

Үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жалпы облыс көлемінде іс-шара кезінде заңсыз сақталған 16 қару тәркіленді. Оның ішінде 10 аңшы мылтығы, 2 обрез, 1 винтовка, 1 травматикалық қару және өзге де 2 қару бар.

Сонымен қатар 164 оқ-дәрі алынды, оның 7-еуі – ойық ұңғылы, 157-сі – тегіс ұңғылы қаруға арналған. Облыстық полиция департаменті заңсыз қаруды анықтау және тәркілеу жұмыстары "Заң мен тәртіп" қағидасы аясында жалғасатынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары