Алматыда түрмеге телефонды тамақтың арасына салып өткізбек болған

/
Алматыда түрмеге телефонды тамақтың арасына салып өткізбек болған
Видеодан скриншот

Алматының тергеу изоляторында сотталушыға әкелінген бешбармақ арасында жасырулы ұялы телефон табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қаласындағы тергеу изоляторының қызметкерлері ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік және жедел топтарымен бірлесе отырып, тыйым салынған затты анықтады. Тұтқындарға әкелетін азық-түлікті қабылдау кезінде олар тамақ салынған контейнерді ашып, бешбармақты араластыру кезінде жылтыр қағазға оралған ұялы телефонды тапты.

Аталған факт бойынша әкімшілік жаза қолдану үшін Алматы қаласы ауданаралық әкімшілік сотына жіберуге материал жинақталды

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары