Ақтөбе облысында полиция ақша бопсалады деген күдікпен бірнеше адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу барысында ұсталған азаматтардың екі жыл бойы жергілікті тұрғыннан жүйелі түрде ақша бопсалап келгені анықталды. Олар жәбірленушіні қорқыту және психологиялық қысым көрсету арқылы түрлі қаржы ұйымдарынан микрокредиттер рәсімдеуге мәжбүрлеген. Салдарынан жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 900 мың теңгені құрады.
Күдіктілердің біріне тиесілі Mercedes автокөлігін тінту барысында полиция қызметкерлері үш оқжатарымен бірге пневматикалық автомат, ұялы байланыс сигналын бұғаттайтын құрылғы, жиналмалы пышақ тәркіледі. Аталған заттар қылмыстық іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді.
Аталған дерек бойынша бопсалау бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Полиция азаматтарды егер қандай да бір бопсалау, қорқыту немесе қысым көрсету фактілеріне тап болсаңыз немесе куә болсаңыз, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.