Әнші Мөлдір Әуелбекова кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке «Қайрат» футбол клубының ойыншыларына көлік сыйлауын өтініп, жазба жариялады , деп хабарлайды turkystan.kz.
Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер Алагөзов «Қайрат» футболшыларына «Реалды» жеңсе, бір-бір көлік сыйлайтынына уәде берген болатын.
«Тұрсен ағай, «Қайратымыз» бізге жеңіс сыйламаса да, көліктеріңізді сыйға бере беріңізші! Олар қолдан келгенше, бар күш жігерін жұмсады! Шын тырысты. Бір қуанып қалсыншы», – деп жазды әнші.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің екінші тур ойыны өтті. Бұл кездесуде «Қайрат» клубы «Реал Мадридке» қарсы ойнап, 0:5 есебімен ұтылды.