Қазақстан-Қытай шекарасы бірнеше күнге жабылды

/
Қазақстан-Қытай шекарасы бірнеше күнге жабылды
Көлік министрлігі

Бүгіннен бастап Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

«Қытай Халық Республикасының Құрылған күніне (2025 жылғы 1-3 қазан) және Күздің ортасы мерекесіне (2025 жылғы 6 қазан) орай Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады.

Аталған күндері жеке тұлғалар, автокөлік құралдары мен жүктердің өткізілуі жүзеге асырылмайды», –  делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, бұл көлік-логистикалық байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

«Комитет тасымалдаушыларды, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды және азаматтарды өз бағыттарын жоспарлау кезінде енгізілген шектеулерді ескеруге және тасымалдау кестелерін алдын ала түзетуге шақырады», –  делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары