Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

Қазақстанның көптеген қалаларында 1 қазанда ауа райы қолайлы болады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алайда Жезқазғанда, Ақтөбеде және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – зиянды (ластаушы) заттардың жерге жақын ауа қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ орын алған кезде елді мекендердегі ауа сапасы төмендеп, адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейін айқындайтын негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Бұған дейін 30 қыркүйекте Астана мен Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ауа райы күтілетіні хабарланған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары