Әлеуметтік желіде әншілер Нұрлан Еспанов пен Сәкен Майғазиевтің ұлдары "Қайрат-Реал" кездесуінің билетін қымбат бағаға сатқаны жайлы ақпарат қызу талқыға түсті. Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет билетті өзі сатып жатпағанын және тек досына көмек көрсеткенін айтып жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Жұраттар қатырады екен ғой. Мен жеке өзім ешқандай билет сатып жатқан жоқпын, тек жақын араласатын досым айтқан соң парақшама салған едім. Бұл жалпы ситуация. Ал "неге оған салып бересін?" дегенге келетін болсақ, түсінгенім бойынша бұл билеттер “шақырту билеттері", яғни онсыз да сатылымға шығарылмаған, сайттарда болмаған. Оны сатып алу, әлде сатып алмау әркімнің еркінде. Ешкім су мен нанды сатып жатқан жоқ қой, "олсыз қалай өмір сүреміз? Алмасақ болмайды" дейтіндей. Жеке өзім 100 мыңға да алмаушы едім, бірақ әркімнің қызығушылығы әртүрлі, яғни бұл ойынға билетті де әртүрлі бағалайды. Егер бір адам өзінің билетін сіз үшін тым қымбат бағаласа, оны алмай-ақ қою деген таңдау да бар негізі", - деп жазды Әділет әлеуметтік желіде.
Еске салайық, "Қайрат-Реал" арасындағы ойын бүгін сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.