«AMANAT» делегациясы Мәскеуде Абай ескерткішіне гүл қойды

/
«AMANAT» делегациясы Мәскеуде Абай ескерткішіне гүл қойды
«AMANAT» партиясы. Фото: Әли Ғалым

Ресей Федерациясына ресми сапар аясында Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының делегациясы Мәскеудегі ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Салтанатты рәсімге Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасындағы «Единая Россия» партиясы фракциясының жетекшісі Владимир Васильев, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев қатысты.

Гүл қою рәсімі Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жылдығына орай өтті. Оның тұлғасы тек Қазақстан тарихында ғана емес, Ресей тарихында да айрықша орын алады. Ұлы ағартушы орыс мәдениетін прогрестің кілті деп біліп, Пушкин, Лермонтов, Крылов және басқа да классиктердің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ Ресейде де Абай Құнанбайұлының шығармаларыкеңінен танылып, талай мәрте жарық көріп, бүгінгі күнге дейін оқытылып келеді.

Осылайша Мәскеудегі рәсім Абай мұрасының Қазақстан мен Ресей халықтарын байланыстыратын алтын көпір екенін көрсетіп, екі елдің рухани үндестігі мен мәдени жақындығын айқындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары