Қостанай облысының Аманқарагай ауылында 51 жастағы жергілікті тұрғын өз жұбайы мен 16 жастағы ұлын өлтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Марқұмдардың денесін күдіктінің қызы тауып алған. Ол болған жайтты көршісіне айтқаннан кейін ауылға полиция қызметкерлері келген.
«Тобыл» өңірлік газетінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар ажырасуға дайындалып жүрген.
Полицияның хабарлауынша, ер адам қамауға алынып, өз кінәсін мойындаған.
«Тергеу барлық мән-жайды мұқият анықтап жатыр. Кінәлі заңға сәйкес қатаң жазаға тартылады», – деп атап өтті өңірлік ПД баспасөз қызметі.