Қостанайда жеңіл көлік теміржолда тепловозбен соқтығысты (ВИДЕО)

/
Қостанайда жеңіл көлік теміржолда тепловозбен соқтығысты (ВИДЕО)
скриншот

Қостанайда жеңіл автокөлік жүргізушісі теміржолға шығып кетіп, тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 55 жастағы Volkswagen жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбестен және семафордың дабылына мән бермей, теміржолға шығып кеткен. Сол сәтте жол бойымен тепловоз өтіп бара жатқан.

"Соқтығысу нәтижесінде көліктегі жолаушы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді", – деп мәлімдеді өңірлік полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары