Желіде Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жантүршігерлік жол апаты болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кадрларда қираған көлік пен жерде жатқан адамдарды көруге болады.
Алматы облысының ПД мәліметінше, Алматы – Бішкек автожолының 107-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Алдын ала деректерге сәйкес, Lexus көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан алған жарақаттарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуды ескертті.