«Балаларымның суретін көрсетіп, қорқытты» – Елнұр Бейсенбаев

«Балаларымның суретін көрсетіп, қорқытты» – Елнұр Бейсенбаев

Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев журналист Айкерім Есенәліге сұхбат барысында Лудоманияға қарсы заң жобасымен жұмыс барысындағы лоббизм мен кедергі келтіруге талпынғандар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Депутат сұхбат барысында жабық форматтағы телеграм каналдарда, атышулы каналдарда шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылғанын атап өтті.

«90 жылдардағыдай қара күртелі жігіттермен сөйлесуге тура келді, бала-шағамның суретін көрсетті, сондайға дейін барды, мен құқық қорғау органдарын іске қосамын дедім», – дейді Е.Бейсенбаев.

Депутат заң жобасымен жұмыс процессінде букмекерлер тарапынан лоббидің «шақыртау шегі» көрініс тапқанын жеткізді.

Айта кетейік, лудоманияға қарсы заң жобасы 2 жыл талқыланған еді. Бір жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес, 21 жасқа толмағандарға құмар ойын ойнауға тиым салынады. Ел тұоғындары бәс тігуге өзіне онлайн түрде  шектеу қоя алады

Сұхбат барысында мәжіліс депутаты бір палаталы парламентке қатысты эксперттік талдауын, депутаттардың халықты қабылдауы мен мәслелерді талдау тұрғысындағы жұмыс барысына тоқтала кетті. Елнұр Сабыржанұлы отбасы институты мен бала тәрбиесі, әйелдердің саясаттағы ролі туралы да пікірлерін ортаға салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары