Оралда 10 жастағы қызды арқанмен тұншықтырмақ болған адам іздестіріліп жатыр

/
Оралда 10 жастағы қызды арқанмен тұншықтырмақ болған адам іздестіріліп жатыр
istockphoto.com

Орал қаласында 10 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасап, оны арқанмен буындырмақ болған ер адам іздестіріліп жатыр. Оқиға Зачаганск кентінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде Оралда балаға жасалған шабуыл туралы ақпарат тарады. Куәгерлердің айтуынша, 29 қыркүйекте белгісіз ер адам №20 мектептің 10 жастағы оқушысына сабақтан үйіне қайтып келе жатқан кезде шабуыл жасаған.

Енді ата-аналар балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті шабуыл фактісін растады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Ескерте кетеміз: балаларға қарсы жасалған қылмыстар – қоғамдағы ең ауыр әрі төзгісіз қылмыстардың бірі. Бұл қылмысқа қатысы бар адам міндетті түрде ұсталады», – деп мәлімдеді полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары