Қостанайда анасы мен ұлын өлтірген күдікті ұсталды

/
Қостанайда анасы мен ұлын өлтірген күдікті ұсталды
видеодан скриншот

Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылында әйел мен оның ұлын қатыгездікпен өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еске салсақ, бұл сұмдық қылмыс жайлы кеше белгілі болды. Мәйіттерді қыз тауып алып, ауыл тұрғынына айтқан. Ол полицияға хабарлаған. Қаза тапқандар – кәмелетке толмаған қыздың анасы мен ағасы болып шықты.

«Әулиекөл ауданында полиция қызметкерлері отбасына қарсы аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 51 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу барлық мән-жайды мұқият анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары