Жаңа зауыт аймақтың Ақкөл қаласында іске қосылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Инвестициялық жоба агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылып, импорттық жемдік қоспаларға тәуелділікті азайтуға, мал шаруашылығы мен балық шаруашылығының өнімділігін арттыруға бағытталған.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты айына — 150 тонна. Өндірісте негізінен ірі қараның, жылқы және өзге де жануарлардың терілері қайта өңделмек. Зауытта шығарылған протеин құс, балық, жылқы, қой және ірі қараға қосымша ретінде пайдаланылады.
— Бұл дәстүрлі жемнің тиімділігін 40% арттырып, өз кезегінде шаруашылықтардың өнімділігін көбейтеді. Қазірдің өзінде балық өсіруші кәсіпорындарымен алғашқы келісімшарт жасалды. Сүт жеткізу саласында да алғашқы қадамдар бар, — делінген хабарламада.
Алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп, екінші желіні іске қосу жоспарланған. Бұл құрамажем мен монокорм шығаруға мүмкіндік береді.