Бүгін Қазақстан аумағында үсік жүреді

/
Бүгін Қазақстан аумағында үсік жүреді
istockphoto

Бүгін еліміздің басым аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар болжанып отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады. Елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл болады. Ал солтүстік-батыста көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанған. Тек еліміздің батысы мен солтүстігі жауын-шашынсыз. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең — тұман болуы мүмкін.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында үсік жүреді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік- шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деп күтіледі.

Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі болады деп болжанған. 

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, сондай-ақ Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары