Астанада полицейлер 19 және 21 жастағы екі жігітті қолға түсірді. Олар елордаға басқа өңірден келгенімен, демалудың орнына заңсыз жолмен табыс табуды көздеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу дерегінше, түнгі уақытта күдіктілер пиццерияның кіреберіс есігін бұзып ішке кірген. Кассадан ақша алып, сөренің үстінен секіріп өткен. Кейін дәл осындай әдіспен сусын сататын дүңгіршектің терезесін бұзып ашып, тағы да қаржы жымқырған.
Қазір ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Астана қаласы полиция департаменті кәсіп иелеріне алдын ала қауіпсіздік шараларын қабылдауды ескертеді. Оның ішінде бейнебақылау камераларын орнату, дабыл қондырғыларын іске қосу және нысандардың қорғалуын күшейту маңызды.