Алматы полициясы «Қайрат» – «Реал» матчына қатысты мәлімдеме жасады

/
Алматы полициясы «Қайрат» – «Реал» матчына қатысты мәлімдеме жасады
Polisia.kz

Алматы полициясы алматылық "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы УЕФА аясында өтетін халықаралық футбол ойынына сақадай-сай дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Матч ертең, 30 қыркүйекте өтеді. Бұл шара бүкіл қала үшін үлкен спорт мерекесіне айналып, қауіпсіздік пен тәртіпке ерекше назар аударуды талап етеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданған. Қоғамдық тәртіпті күзетуге 2,5 мыңнан астам қызметкер тартылады. Негізгі міндеттері – жанкүйерлер мен ойынға қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ жол қозғалысын реттеу.

«Қымбатты алматылықтар, қадірлі қонақтар! Ертең қаламызда «Қайрат – Реал Мадрид» арасындағы халықаралық футбол матчы өтіп, үлкен оқиғаның ордасына айналады. Біз әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлерді көргенімізге қуаныштымыз. Бұл біз үшін спорт мерекесі ғана емес, Алматының шынайы келбетін – қонақжайлығын, құрметін және жоғары мәдениетін көрсетуге үлкен мүмкіндік», — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары