Қазақстанда 8 облыстың прокуроры ауысты

/
Қазақстанда 8 облыстың прокуроры ауысты
istockphoto.com

Президенттің келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы, Бас көлік прокуроры болып Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының келісімі бойынша бірқатар аумақтық прокурорлардың ротациясы жүргізілді:

Батыс Қазақстан облысының прокуроры – аға әділет кеңесшісі Ұласбекұлы Нұрбек;

Маңғыстау облысының прокуроры – аға әділет кеңесшісі Құшалиев Серікқали Жанбыбекұлы;

Атырау облысының прокуроры – Басшыбаев Мадияр Бекенұлы;

Жамбыл облысының прокуроры – Әбілов Берік Рақатұлы;

Жетісу облысының прокуроры – Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы;

Қостанай облысының прокуроры – Сексембаев Марат Исламханұлы;

Павлодар облысының прокуроры – Байшолақов Алмат Мұратұлы;

Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы.

Айта кетейік, бүгін таңертең Мемлекет басшысының өкімімен Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары