Жаңаарқа аудандық соты «Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот ісін қарау барысында аудан прокуратурасы ұсынған қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2023 жылы сотталушы қызметтік лауазымын пайдалана отырып, жүйелі түрде шаруа қожалықтарының басшыларынан субсидия алуға жәрдемдескені үшін заңсыз ақша сыйақысын алып отырғаны, сондай-ақ алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденгені анықталды.
Сот оны пара алу және алаяқтық бойынша кінәлі деп танып, 9 784 896 теңге көлемінде айыппұл салу жазасын тағайындап, оны мемлекеттік және қаржы мекемелерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан айырды.
Қылмыстық іс бойынша келтірілген залал толығымен өтелді.
Үкім заңды күшіне енді.