«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Акционердің шешімі
2025 жылғы 25 қыркүйектегі Қордың жалғыз акционерінің шешіміне сәйкес, Директорлар кеңесінің құрамынан Қанат Шарлапаев шығарылды.
Жаңартылған құрам
Енгізілген өзгерістерден кейін Қордың Директорлар кеңесіне алты адам кіреді.
Еске сала кетсек, биылғы 25 қыркүйекте Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылған болатын.