«16 тапанша, 43 мылтық»: Қазақстанның бірқатар өңірінде қару-жарақтар табылды

/
«16 тапанша, 43 мылтық»: Қазақстанның бірқатар өңірінде қару-жарақтар табылды
ҰҚК

2025 жылғы қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар өңірде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҰҚК ақпаратынша, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында қару-жарақты іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

"62 бірлік қару-жарақ, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және 4 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

2022 жылғы қаңтарда ұрланған 10 қару-жарақ анықталды. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары