Алматыдағы Алмарасан шатқалында жолдан адасып қалған 16 жастағы қыз бен жігітті ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы түнде тауып, қауіпсіз жерге түсірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жасөспірімдер тауда серуендеп жүріп соқпақтан шығып кеткен. Құтқарушылар оларды іздеу үшін тау бөктерімен жаяу көтеріліп, түнгі уақытта құтқару жұмыстарын жүргізді.
Табылған балаларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар оларды туыстарына тапсырды.