Түркістан облысында пәтерлерді тонаумен айналысқандар ұсталды (ВИДЕО)

/
Түркістан облысында пәтерлерді тонаумен айналысқандар ұсталды (ВИДЕО)

ІІМ бөтеннің мүлкін ұрлауға, оның ішінде пәтер ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«25 қыркүйекте Түркістан облысында криминалдық полиция қылмыстық топты ұстады. Олар алты ай бойы пәтер ұрлығымен айналысқан. Күдіктілер пәтерге пластикалық терезелерді бұзып ашу арқылы кірген. Алтын бұйымдар, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлаған. Жалпы келтірілген шығын 39 млн теңгеден асады. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде», - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.

Тұрғын үйді ұрлықтан қорғау үшін ІІМ есіктерді күшейтіп, күзет жабдықтарын қою сияқты шаралар қабылдауды ұсынады. Қолда бар ақша жинақтары, зергерлік бұйымдар мен оларды сақтау орындары туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жарияламауға кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары