Көкшетауда көпқабатты үй өртенді

/
Көкшетауда көпқабатты үй өртенді
ТЖМ

Көкшетауда Назарбаев даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ таратқан мәліметке сәйкес, өрт 4-қабаттағы балконда басталып, кейін жоғарыдағы 5-қабаттың балконына тараған.

ТЖМ бөлімшелерінің уақтылы әрекет етуінің арқасында өрт тез арада сөндірілді. Жоғарғы қабаттарға су беру үшін өрт сөндірушілер автосатыны қолданды, бұл өртті сырттан тиімді сөндіруге мүмкіндік берді.

Өрт сөндірушілер түтін аймағынан баспалдақ маршымен 28 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары