Рудный қаласының прокуроры ұсталды

/
Рудный қаласының прокуроры ұсталды
Gov.kz

Рудный қаласының прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Өз қатарындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚК департаментімен бірлесіп, 2025 жылғы 28 қыркүйекте Рудный қаласының прокурорын қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұстады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары