Құтқарушылар жаңа туған нәрестенің өмірін сақтап қалды

/
Құтқарушылар жаңа туған нәрестенің өмірін сақтап қалды
Видеодан скриншот

Құтқарушылар мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысы нәрестенің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ таратқан мәліметке сәйкес, жаңа туған сәби Жаңақорған ауданынан Қызылордаға тікұшақпен шұғыл жеткізілді.

Белгілі болғандай, «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің экипажы сәби­ге шұғыл медициналық көмек қажет екені белгілі болған сәтте дереу эвакуация жасады. Оған қажетті жәрдем тек облыс орталығындағы мамандандырылған медициналық орталықта көрсетілуі мүмкін еді.

ТЖМ атап өткендей, операцияның сәтті өтуіне команданың үйлесімді әрекеті ықпал етті. Әуе экипажының құрамында ұшқыштар Ақжолтай Жасұлан мен Қалдыбек Асанов, бортмеханик Сәбит Қожамжаров, инженерлер Мақсат Баякенов пен Павел Степичев болды.

Ұшу барысында баланың жағдайын медициналық бригада жіті бақылап, ауруханаға жеткізілгенше қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Қазіргі таңда нәрестеге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары