Алуа Қонарова: Димаштың Қытайда қалғаны жөн

Алуа Қонарова: Димаштың Қытайда қалғаны жөн

Алуа Қонарова: Димаштың Қытайда қалғаны жөн
ашық дереккөзі
282

Белгілі қазақстандық продюсер Алуа Қонарова Димаш Құдайберген бұдан да биік нәтижелерге жетуі үшін Қытайда қалып, шығармашылығын сол жақта шыңдауы қажет деп есептейді. Бұл туралы продюсер «NewTimes.kz» басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады NUR.KZ

 width=

Алуа Қонарова Димаштың тасы өрге домалауы үшін оның Қазақстанда қалмағаны жөн деп санайды. Ол Димаштың имиджін, киіну стилін өзгертіп, оған лайықты ән жазып, елді қызықтыра алған қытайлық продюсерлердің шеберлігін сөз етті. Оның айтуынша, Қазақстанда Димашқа лайықты бір де бір авторлық ән жазылмаған. "Бізде Қазақстанда оның барлық вокалдық қабілетін тиісінше ашып беретін авторлық ән жаза алмады. Оны имидж бен репертуар жөнінен дұрыс бағыттап отыр. Қытайда оған Арай Айдархан есімді қандасымыз көмек беріп жатқанын білемін.
Қазақстанда Димаш ешқандай продюсердің көмегіне жүгінген жоқ. Қателеспесем, жалғыз өзі жұмыс істеді. Шынымды айтсам, бұған дейін онымен көптеген шараларда кездескен болатынбыз. Білуімше, оның өз әні болмады. Себебі, менеджмент болмады. Онымен әкесі айналысты, нақтысын білмеймін", - деді ол.
"2011 жылы онымен тілдескенімде ол бейнебаян түсіріп, ән жазғысы келмейтінін айтты. Ол үшін бұл қызық емес болды. Басқа әртістер секілді жұмыс істегісі келмеді. Димаш халықаралық байқауларға қатысып, өзгелердің әнін айтып жүргісі келді. Жас болған шығар, мүмкін қазақстандық продюсерлерге деген сенімі аз болған шығар", - деп пікірін айтты продюсер. Сонымен бірге, Алуа Қонарова біздің әртістердің дамымай жатқанын да тілге тиек етті. Оның ойынша, біздің телеарналар өзге елді көрсетілмейді. Оған қоса, Алуа Қонарова шоу бизнесті мемлекет қолдап отырған жоқ деген пікір айтты. "Менің ойымша, Димаш, өзін-өзі дамытуды Қытайда қолға алғаны жөн. Әлбетте, мұнда оның бағасы көтеріледі. Түрлі шараларға шақыратын болады. Бірақ өсу болмайды. Біздің елде ешқандай даму болмайды, тәжірибе де жинақтай алмайды. Бұл - менің пікірім. Ары қарай өзін дамыта түсу үшін, ол туралы бүкіл әлем білуі үшін, бүтін Азияға танылу үшін ол Қытайда қалуы керек", - деді Алуа.

Серіктес жаңалықтары