Павлодар облысында баланың қаза болу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Баланың қаза болу дерегі бойынша Павлодар облысының полициясы қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала мәлімет бойынша, 21 қыркүйекте Тереңкөл ауылындағы үйден ауруханаға ауыр дене жарақаттарымен қыз бала жеткізілген. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол есін жимастан қайтыс болды.
Қылмысты жасады деген күдікпен залал шеккен баланың әкесі ұсталды. Ол сот шешімімен қамауға алынды.
Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталуда. Әлеуметтік желілерде Павлодар облысындағы осы қайғылы оқиға туралы ақпарат тарады. Ер адам қатты мас күйінде өз баласына өлімге әкелетін жарақаттар салғаны хабарланады.