Алматыда 47 шақырым жол жаңартылады – әкімдік

/
Алматыда 47 шақырым жол жаңартылады – әкімдік
Алматы әкімдігі

Алматы қаласындағы Наурызбай ауданында жол инфрақұрылымын ауқымды жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, қазір ұзындығы 34,9 шақырымнан асатын 26 көшеде орташа жөндеу аяқталды. Тағы 3 учаскеде жұмыс жалғасуда, олар 15 қазанға дейін толық аяқталады.

«Жалпы алғанда, аудан бойынша 35 көшеде 47,1 шақырым жолды жаңарту жоспарланған. Бұл – аудан үшін рекордтық көрсеткіш.

Жолды жаңарту тұрғындардың қауіпсіздігі мен қозғалыс жайлылығын арттыруға, көлік қатынасын жақсартуға және негізгі магистральдарға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Жол инфрақұрылымын дамыту – қаланың дамуы мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудың басты бағыты. Әсіресе жаңа шағынаудандар қарқынды салынып жатқан Наурызбай ауданында бұл ерекше маңызды», - делінген хабарлмада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары