Жұлдыз Әбдікәрімова қызын қырқынан шығарып, есімін жария етті

/
Жұлдыз Әбдікәрімова қызын қырқынан шығарып, есімін жария етті
instagram

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін қырқынан шығарып, оған қандай есім бергенін жария етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол кенже қызын Рәбия Сұлтан деп атаған. 

«Өткен күзде Түркістанға арнайы сапармен бардым. Жоқ, іссапар емес, рухани еді. Ата-баба әруағына құран бағыштау ниетім болды. Жол түсіп, Рәбия Сұлтан Бегім кесенесінде болдым.

Болашаққа бәлендей анық жоспар жоқ еді. Өз-өзіммен тілдесіп: Мен кіммін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Қайтсем, көпке қызмет етіп, ұрпаққа пайда бере аламын?... деген сұрақтар мазалады. Тарихта есімі таңбаланып, даналығы ұрпағына мәңгі сабақ болып тұрған Ұлы адамның кесенесінен кете алмай айналшықтап жүріп алдым.

Араға айлар салып, қызды болатынымды білгенімде, есімі өзге болуы мүмкін емес дедім.

Рәбия Сұлтанды қырық күнге толтырып, салт пен дәстүрге сай, бар ырымын жасап, қырқынан шығарып алдық. Шүкір

Еркін, батыл, батыр, қайсар қыз болып өссе деген аналық тілегім бар. Маңдайына жазылған тағдырын саналы өрнектеп, рухы мықты аналарымыздың ұрпағы екенін біліп жүрсе деймін.

Періштеге жаудырып жатқан жылы тілектеріңіз қабыл болғай. Әр аңсаған отбасына сәби исін мен де тіледім», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары