Астанада №61 қоғамдық көлікте жолаушылар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Куәгерлердің айтуынша, бәрі қарапайым жанжалдан басталған. Бір уақытта айтыс-тартыс болып, соңы төбелеске ұласқан. Желіде тараған видеодан бірін-бірі тепкілеп, ұрып жатқан ер адамдарды көруге болады.
Полиция оқиғаны растап, жанжалдасқандарды іздеп жатыр.